Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысының халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтады

ҚАДІРЛІ ҚАУЫМ!

Баршаңызды мұсылман қауымы үшін ең ұлық Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын! Құрбан айт – адамдардың бір-біріне деген мейірімін оятатын, көмекке мұқтаж жандардың қажетін өтеуге мүмкіндік туғызар маңызды мереке. 

Түркістан облысының әкімі ақпараттың ашық әрі уақтылы айтылуы керектігін ескертті

Арыс қаласында атқарылып жатқан жұмыстар мен мәліметтер шынайы әрі ашық болуы керек. Бүгін облыс әкімі аппаратының кезекті селекторлық жиынында өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев осылай деді. Қорға аударылған қаржы мен мемлекет тарапынан берілетін әрбір қаражат та қоғам назарында болады. 

Түркістан облысы: Өмірзақ Шөкеев Арыстағы әрбір сектордың жұмысын жіті қадағалап отыр

Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыс қаласындағы құрылыс-жөндеу жұмыстары жүріп жатқансекторлардың жұмысымен танысты. Әрбір облысқа қарасты тұрғын үйлерді аралады. Өңір басшысы әуелі Жамбыл облысы штабына аялдап, жұмыстобымен кездесті. Облыс әкімі жөндеу жұмыстары бойынша әрбір штаб онлайн жүйеде есеп беріп отыру қажеттігін айтты. 

«Nur Otan» партиясы созақтық депутат Айбар Күзенбаевтың партбилетін қайтарып ала ма?

 

«Nur Otan» партиясы төрағасының 1-орынбасары Мәулен Әшімбаевтың, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеевтің, «Nur Otan» партиясы Созақ аудандық филиалының төрағасы Салыхан Полатовтың назарына! 

Түркістан облысы әкімдігінің ресми интернет-ресурсындағы мәліметтердің жаңармай тұрғанына кінәлі кім?

«Қазақстан Республикасының Әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының тоғызыншы бабына сәйкес, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесін беріп, ал облыс орталығын Түркістан қаласына көшіріп, өңірді Түркістан облысы деп атау туралы Жарлыққа қол қойғанына да 9 ай толғалы жатыр. 9 айдың ішінде Түркістан облысының өмірінде бірқатар оң өзгерістерге талпыныс жасалып, киелі шаһарды түлету үшін талай-талай тірліктердің іргетасы қалануда. Тіпті 9 айдың ішінде өңірге екі әкім тағайындалып үлгерді. Бірақ өзгермеген бір нәрсе бар. Ол – Түркістан облысы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы! 

Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысындағы бірқатар жобалармен танысты

Таяуда ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығыи министрі Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысына жұмыс сапарымен келгені белгілі. Сапарының басында ол алдымен Ордабасы ауданындағы «KazKioti» трактор зауытында болды. Қазір аталмыш кәсіпорыннан трактор алатын шаруаларға «ҚазАгроҚаржы» қаржылық компаниясы арқылы несие беру шаралары қолға алынуда екен.

Subscribe to this RSS feed